Аудан әкімі Бекжан Төлепті қабылдады

980

0

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков қазақ күресінен әлем кубогының жеңімпазы Төлеп Бекжанды қабылдады.

Аудан басшысы Румыния мемлекетінде қазақ күресінен өткен әлем кубогының жеңімпазы атануымен Төлеп Бекжанды құттықтап, алғыс хат табыстап, сый-сияпат көрсетті.

Қабылдауда Н.Мақұлбеков ауданының спорт саласына еңбек етіп, жас спортшылардың биік белестерді бағындыруына үлес қосып жастарды спортқа баулып жүрген №9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебінің қазақ күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы Б.Төлепке шынайы алғысын білдірді.

Биыл аудан спортшылары республикалық жарыстар мен Қазақстан Республикасының чемпионатында 42 алтын, 32 күміс, 58 қола, әлем біріншілігі мен әлем кубоктарында 2 алтын, 1 қола, азия біріншілігінде 1 алтын 1 қола медальдар иеленген. Атап айтсақ, Шиелі ауданында таеквондодан ҚР біріншілігінің жеңімпазы, әлем біріншілгіне қатысушы Қапанова Ботакөз, ауыр атлеткиадан Азия біріншілігінің қола жүлдегері Айзада Мүфтілда, ауыр атлетикадан Әлем және Азия біріншілігінің жеңімпазы Сансызбаева Айсамал халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, екі дүркін азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 85 келі салмақта Сибриков Захар жеңімпаз атанып Тайпейде өтетін азия біріншілігіне қатысатын болады.

Қабылдау соңында, аудан әкімі Н.Мақұлбеков Румыния мемлекетінде, қазақ күресінен өткен әлем кубогының жеңімпазы спорт шебері Төлепов Бекжанға алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<