Қазалы ауданына сапар

408

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданына жұмыс сапарымен арнайы келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қасиетті Қазалы ауданына сапарын ақсақалдарға сәлем беруден бастады. Аудандық ардагерлер үйінде өткен кездесуде ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың ой-пікірлерін тыңдады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов өздері орналасқан ғимараттың тарихымен таныстырды. Мұнда ардагерлер үшін тынығу орындары мен жаттығу жасайтын түрлі құрылғылар бар. Бір сөзбен айтқанда мұнда келушілердің бос уақытын тиімді өткізуге бар жағдай жасалған.

Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадион, аудандық оқушылар үйі, 600 орындық мәдениет үйінің ғимаратына да арнайы барып, мекемелердің жұмыстарымен танысты.

Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына да ат басын бұрып, оның тарихымен танысты. Саябақ ішінде орналасқан ескерткіштер туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев айтып берді.

Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығынан Жалаңтөс батырдың 445 жылдығына орай еңселі ескерткіш салынып жатқан аумаққа барды.

Қазіргі таңда ескерткіш айналасында аумағы 800 шаршы метр болатын жер абаттандырылуда. Жоба бойынша ескерткіш айналасы қоршалып, бас қақпа орнатылады. Сондай-ақ, 2 дана ротонда салынып, 3808 шаршы метр жерге брусчатка төселеді. Темір бетонды аяқсу арықтарын орнатылып, алдына көлік тұрағын салу жұмыстары қаралған. Сонымен қатар, 30 дана жарықшам, 20 данадан отырғыштар мен қоқыс жәшіктері және нысанға жақын орналасқан электр желілері жаңартылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<