Акция Тәуелсіздікті дәріптейді

534

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін насихаттау мақсатында арнайы 1 айлық акция жарияланып, оған облыстағы партия активімен 300-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған деп хабарлайды, партияның облыстық филиал баспасөз қызметі.

– Елдігімізді ерекшелейтін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған шараларға партия филиалдары мен бастауыш ұйымдар, мәслихаттардағы фракция мүшелері мен ардагерлер және жасотандықтар қатысуда.

Партия белсенділерімен өткізіліп жатқан шараларда ел егемендігінің қалыптасуына атсалысқан ардақты ардагерлеріміздің естеліктері, еңбек династияларының тарихы, тәуелсіздік перзенттерінің жетістіктері, бастауыш ұйымдардың лебіздері сынды танымдық тақырыптар қамтылуда.

Іс-шаралар оффлайн және карантин талаптарына сәйкес онлайн форматта да ұйымдастырылуда. Мәселен, акция басталған 4 күн ішінде жоспарланған шаралардың 50-ге жуығы орындалып, БАҚ пен партия филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында арнайы «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбымен және #Nur Otan Qyzylorda, #Nur Otan Тәуелсіздікке 30 жыл, #Тәуелсіздік Ел Тұғыры хештегтерімен жариялануда, – дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<