Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

3338

0

Сыбайлас жемқорлық індетінің алдын алу біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзі мемлекеттерін алаңдатып отырған көкейтесті өзекті мәселелердің бірі және қайсыбір мемлекеттердің экономикасының дамуына, әлеуметтік тұрмыс-тіршіліктің қарыштап өркендеуіне, демографиялық өсіп-өнуге, саяси тұрақтылықтың сақталуына жемқорлық уытының теріс лебін тигізіп отырғаны баршамызға мәлім.

Сыбайлас жемқорлық көрінісінің ең қауіпті нысандарының бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық – лауазымды тұлғаның өкілеттілігін пайдалана отырып    орындаған немесе орындамаған  әрекеті үшін сыйақы (пара) алуы.

Жемқорлық зардабымен күресу жолында тек қана халықаралық, мемлекетаралық, мемлекетішілік құзіретті органдар мен түрлі қоғамдастықтар тарапынан ғана емес, әрбір жекелеген азаматтың да қалыс қалмағанын дұрыс деп  есептейміз.

Парақорлық нарықтық қатынастардың дамуына осының негізінде бұл қатынас субъектілерінің теңдігіне қауіп төндіреді. Қылмыстық құқық теориясында парақорлық деп пара алу  ҚР ҚК 366 бабы пара беру  ҚР ҚК 367 бабы, және парақорлыққа делдал болу ҚР ҚК 368 бабы, сияқты өз алдына дербес үш қылмыс құрамын қамтитын жалпы құқықтық ұғымды айту көзқарасы қалыптасқан.             

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. 

Осы заңмен мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған.  Еліміздің тиісті   органдары сыбайлас  жемқорлықпен  күресті жүйелі түрде жалғастырып,   пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай   нәтижесі де жоқ емес.    Олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жеткізіліп жүр.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Әлемнің мемлекеттері тәрізді, біздің мемлекетімізде де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шаралар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына өз үлесін қосу – баршамыздың басты міндетіміз.

Д.ЖОЛМЫРЗАЕВ,

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы 

инспекциясының Арал балық инспекциясы

бөлімінің бас маманы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<