Дүниежүзілік мұралар тізіміне қандай тарихи қалалар енуі мүмкін?

930

0

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан тарихи-мәдени ескерткіштерін Дүниежүзілік мұралар тізіміне кіргізу үшін бірлескен әрекет жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдени ескерткіштерін Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы-Ферғана-Сырдария дәлізі» атты трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша номинациялық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүріп жатыр», – деп атап өтті министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған құжат қабылданса, Қазақстан аумағындағы 6 ірі нысан осы тізімге қосылуы керек. «Қазақстан аумағына Сауран, Жетіасар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Күлтөбе-Яссы сияқты объектілер кіреді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында да 20 іс-шара өтті», – деп толықтырды Ақтоты Райымқұлова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<