Құралай Мейрамбек – «𝐐𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧 дауысы» жобасының жеңімпазы

3675

0

Құралай Мейрамбек – «𝐐𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧 дауысы» жобасының 𝟐𝟎𝟐𝟏 жылғы жеңімпазы. Сәкен Майғазиевтің шәкірті «𝐐𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧 дауысы» музыкалық жобасының жеңімпазы атанып, 𝟓 миллион теңге иеленді.


Енді «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әрі қарай Құралайдың өнеріне қолдау білдіреді.


𝐒𝐌𝐒-дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орын Құралай Мейрамбекке бұйырса, екінші орынды Ерік Төленов алды. Ал тағы бір қызылордалық Ернар Амандық үздік үштікке іліксе, төртінші орын Аружан Айдарбекке бұйырды.

Әйгілі «𝐓𝐡𝐞 𝐕𝐨𝐢𝐜𝐞» тележобасының қазақстандық нұсқасы көрерменге жарты жыл бойы ұсынылып, рейтинг бойынша көш бастап келді. Музыкалық шоу әлемнің 𝟏𝟒𝟎 елінде көрсетіледі.


Құралай – отбасының төртінші перзенті. Бүгінде ел астанасындағы «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті. Айтуынша, ата-анасы, бауырлары музыка саласының маманы болғандықтан жастайынан халық аспаптарын тыңдап, өнерге құштар болып өскен.


«Қазақстан дауысы» музыкалық жобасында «Қорқыт қобыз» әнін жаңаша бағытта орындап, көпшілікке танылған Құралай Мейрамбек өнерге кішкене кезінен қызығушылық танытқан. Өз кезегінде Құралайды бүлдіршін кезінен әкесі Мейрамбек Әбдуллаев әнге баулыған.


– Сыр елінде туып осында өскеннен кейін «Қорқыт қобыз» әнің осы байқауда орындағым келді. Көпшіліктің көңілінен шығып жатқанына өте қуаныштымын, – деген еді жас әнші Құралай Мейрамбекқызы Қызылордаға келген сапарында.

Айта кетейік, әйгілі «Қорқыт-Қобыз» әнін таңдауына кеңес беріп, жаңаша нұсқада әзірлеген Құралайдың жездесі Манарбек Әбиев екен. Ол – Астана опера-балет театрының музыканты.

Шынында, жас әншінің отбасы түгел өнерге жақын. Ата-анасы музыка маманы, қазіргі таңда олар ауылдағы Өнер мектебінде дәріс беріп, туған жердің талантты жастарын тәрбиелеп келеді.

Отбасының тұңғышы Гүлзат Әбдікәрімова – бүгінде ел сүйіп тыңдайтын «Қоңыр» тобының әншісі. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дәріс береді. Одан кейінгі Ұлпан Әбдікәрімова – «Шабыт» ұлттық өнер академиясының түлегі. Италия елінде консерваторияда оқуын жалғастырып, магистратурасын бітірген. Үшінші перзенті Бақдәулет қазір медицина саласында, әйтсе де ол да өнерден алыс емес, бірнеше байқаулардың жеңімпазы. Шаңырақтың кенжесі Дулат Әбдікәрім де ән-жырға ерекше құштар. Ол №42 орта мектептің 9 сынып оқушысы, таяуда ғана халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының бас жүлдесін иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<