Сыр өңірі зиялыларының елдегі ахуалға байланысты үндеуі

701

0

Қадірлі жерлестер!

Бүгінде ортақ отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихындағы ең күрделі сәттерді өткеруде.

Тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығына аяқ басқан алғашқы күндері ел берекесін алған дүрбелең басталып, жаппай тұрақсыздандыруға, тұтастығымыз бен елдігімізге нұқсан келтіруге бағытталған іс-қимылдар орын алды. Террористік ылаң салдарынан қаншама бейбіт тұрғындар, сарбаздар мен сақшылар қаза тапты.

Осы қысылтаяң уақытта Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев батыл да тарихи шешімдер қабылдай алды. Елдегі ахуалды тұрақтандырды, халқын қылкөпірден сүріндірмей алып өтті.

Құрметті сырбойылықтар!

Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде жаңа үкімет құрамына қалыптасқан жағдайдың салдарын жоюды және де халықтың әл-ауқаты мен еліміздің экономикалық, әскери күш-қуатын арттыруға бағытталған жұмыстарды кезек күттірмей жүзеге асыруды тапсырды.

Президентіміздің тұғырнамалық баяндамасындағы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бағытындағы тапсырмалары отандастарымыздың көңілінен шығып, жарқын болашаққа деген сенімін арттырды.

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп хәкім Абай айтқандай, қазіргі таңда бізге, ең алдымен, мемлекеттік мүдде тұрғысынан бірігу қажет. Барымыздан, нарымыздан айырылып қалмауымыз керек.

Біз, Алаштың анасына баланған Сыр өңірінің зиялы қауым өкілдері Қасым-Жомарт Кемелұлына Жаңа Қазақстанды құру ісіне қолдау білдіреміз.

Біз ел іргесінің бүтіндігін, экономикалық дамудың бәсеңдемеуін, қоғамдық келісімнің нығая түсуін қалаймыз.

Біз тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген табыстарымызды көздің қарашығындай сақтауды сұраймыз.

Біз қазіргі дағдарысты сәт пен дүрбелең дүниенің дүмпуінен сабақ алып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанына топтасып, қазақстандықтардың өмір сүруі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларын қолдауға шақырамыз.

Біз үшін еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Біздің күшіміз – бірлікте!

Қызылорда қаласы, 14 қаңтар, 2022 жыл.

Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері.

Барлығы 26 адам қол қойған.

ДОСМАНБЕТОВ Бақберген Сәрсенұлы

БИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлы

МАХАНОВ Тұрғанбай Маханұлы

БАЙМАХАНОВ Қожахмет Мәдібайұлы

ӘМІРЕҰЛЫ Махмұтбай

ӘМІР-ТЕМІР Хұсейін Жүсіпұлы

ЖҰБАТЫРҰЛЫ Сайлаубай

ҚАЮПОВ Биғали Әбдікерұлы

ТӨРЕБАЕВ Шахизат Хамитұлы

ӘЖІБЕКОВ Қалқазбек Әжібекұлы

МҰСАБАЕВ Нәжмәдин Түрікбенұлы

БОЖАНОВА Алмагүл Божанқызы

ЫСҚАҚОВ Дайрабай Ысқақұлы

ДҮЙСЕНБАЕВ Серік Әбішұлы

УӘЙІС Ержан Үбәйдаұлы

ӘБДІКӘРІМОВ Шәкизада Өтетілеуұлы

ЕРАЛИЕВ Абзал Жұмашұлы

КӘРІБОЗҰЛЫ Бағдат

ЕСІМСЕЙІТОВА Қаршыға Құрмашқызы        

ОҢҒАРБАЕВ Аманжол Сақыпұлы

ТАЙМАН Рамазан Сағындықұлы

ЫДЫРЫСОВ Серік Махмұтұлы

НИЯЗОВ Мұхтар Мәуленұлы

КӘРІМОВА Бейбіткүл Сәрсемханқызы

ДӘУРЕНБЕКОВ Қуаныш Қойшығұлұлы

Шек Ирина Николаевна

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<