Қуаңдария халқымен кездесті

1086

0

Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай аудан орталығынан шалғай орналасқан елдімекендерге іс-сапары аясында Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтері әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулеріне қатысты.

Есепті кездесулерде ауыл әкімдері тұрғындарға өткен жылы атқарылған барлық саладағы жұмыстардың қорытындысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ауыл тұрғындары аудан әкіміне жайылымдық жерлерді кеңейту, қосалқы электр станциясын салу, ауылішілік көшелерді жөндеу, балабақша салу секілді ауыл халқын толғандырып жүрген мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты. Аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы жиынды қорытындылай келе тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, ауылдағы мәселелерді шешу үшін жұмыс жасайтынын және шалғайдағы ауыл тұрғындары ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<