Қабілет қалай қалыптасады?

750

0

Қазіргі заман болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етеді. Өркениетті елдер қатарына көтерілу үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру – ұстаздың сабақ берудегі шеберлік қасиеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, яғни, оқу үрдісін жаңадан ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармашылығын дамытуға негізделуі қажет.

Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Ол іскерліктің жаңа түрі. Оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технология енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияны қолданғанда, біріншіден оқытушы ұтады, яғни, ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, қызығушылығы артады. Екіншіден оқушының танымы кеңейеді, білім сапасы да арта түседі.

Қазір техникалық мамандықтардың ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Осы орайда ҚР Президенті Жолдауында жүзеге асырылатын «Барша үшін тегін кәсіптік техникалық білім» жаңа жобасы –  мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, техникалық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы.

Кәсіптік білім берудің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолданып, қоғамға пайдасын келтіру. Осы міндетті орындауда инновациялық технологияны пайдалану өмір талабы. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Еліміздің экономикасына елеулі үлесін қосатын, білікті кәсіп иесін дайындау, экономикалық бәсекелестікке барынша дайын кәсіптік техникалық саланың мамандарын әзірлеу – білім мекемелерінің алдында тұрған маңызды міндет. Бұл міндеттен мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсаты туындады. Ол үшін оқу үрдісіне білім берудің жаңа бағдарламалары мен оқыту технологияларын енгізу қажет.

Еліміздің болашағы жастарға техникалық білім беруді жақсарту уақыт талабы. Жас ұрпақ өз ұлтының құндылықтарын бағалай білетін ұстамды, алғыр, жан-жақты, дарынды, шығармашылық, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлға болуы керек. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс.

Ләззат ЕРКЕБАЕВА,

С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және

бизнес колледжінің жоғары санатты өндірістік оқыту шебері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<