Балық шаруашылығында сыбайластыққа жол жоқ

836

0

Ақордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша (03.01.2022 жылы) ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғастыруды да маңызды деп санайды», – деп атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық – ауру, оған қарсы күрес – біздің парызымыз қағидатын енгізуді ұсынды. Қағидатын енгізу барлық мемлекеттік органдар бірлесіп айналысуға тиіс екендігі туралы талап қойды.

Мемлекет басшысының пікірінше, барлық мемлекеттік органдар жұмыстың жаңа форматтарын белсенді түрде түсініп, оларды іс жүзінде қолдану керек екендігін, сонымен қатар «Жалпы ескі әкімшілік әдістерден ауытқып, барлық жерде басқарудың заманауи технологияларына қайта бағдарлану қажет. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін мемлекеттік қызмет жүйесін толығымен қайта жүктеуі тиіс»-деді.

 Бұған дейін қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар түбегейлі өзгерістер әкелмеді деген пікір білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы сыбайлас жемқорлықты азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтірудің себебі деп атады.

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туралы атап өтілген.

Бүгінгі күні Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (бұдан әрі-Инспекция) есебі бойынша   Қызылорда және Түркістан облысыда  балық және балық өнімдері өндірісінің көлемін оның ішінде тауарлы балықты өдіруді 2030 жылға 36,0 мың тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған, бұл елімізге және көрші елдерге сонымен қатар  әлемдік нарықтарға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылдан бастап Инспекциямен балық шаруашылығы субъектілеріне балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ұзақ мерзімге бекітіп беру бойынша жұмыстарды бастады. Олар өздеріне бекітіп берілген учаскелерді қорғау, өсімін молайту шараларын және бекітіп берілген су айдындары мен учаскелердегі биоресурстар мен мекен ету орталарының жай-күйін бағалауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды.

 Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ұзақ мерзімге бекітіп беруҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығы негізінде аукцион арқылы электронды түрде өткізіліп отыр. Бұл дегеніміз Инспекция тарапынан сыбайлас жемқорлықтың тәуекелділігінің алдын алу болып табылады.

Ел халқын өз балығымызбен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін импорт алмастыру саясатын іске асыру қажет, оның негіздерінің бірі отандық балық тауарларының өндірісін дамыту болып табылады.

 Қазіргі кезде, Қызылорда және Түркістан облысы бойынша балық және балық өнімдерінің дайын өнімнің келесі түрлерін шығару жолға қойылған: салқындатылған-мұздатылған балық, балық филесі, ысталған және қақталған балық, балық консервілері, сондай-ақ балықтың май-ұн өнімдері өндіріліп отыр.

Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту үшін балық пен балық өнімдерінің шығарылған жерінің заңдылығын растайтын құжаттарды қалыптастыруға және беруге қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялауды көздейтін балық пен балық өнімдерін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жасалуда.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін балық шаруашылығын қорғау, өсімін молайту және орнықты дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы саланың заңнамалық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылданып жатыр.

Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау Әдістемесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 22 бұйрығы шығып қолданысқа енгізлді.  Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау Әдістемесіне сәйкес бұрын балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша мемлекетке келтірлген шығынның орынын толтыру мүмкін емес еді. Ал қазіргі кезде егер балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау соның ішінде бір келограмм сазан балығы үшін 5972 теңге 85 тиынды құрайды.

Сонымен қатар Инспекция қызметкерлерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында әрдайым құқықтық оқытулар өткізілуде.    

С.АЛДОҢҒАРОВ,

Арал-Сырдария облысаралық бссейндік

балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<