Қиындықтың артында мүмкіндік тұр

676

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына берген сұхбатында көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берілді деп ойлаймын. Кешегі қаңтар оқиғасы билік пен халықтың арасында ашық диалог орнату керектігін түсіндірді. Ел Президенті қаңтар оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың өте ауқымды, қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігі екенін ерекше атап өтті. Мұның өзі халықтың сенімін нығайтты деп есептеймін. Сұхбат барысында ең басты құндылығымыз тәуелсіздік болғандықтан, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы бәрінен де қымбат екені айтылды.

Елімізде болатын жаңа өзгерістер, қоғамды дамыту, тіл мәселесінің өткірлігі туралы да ойлар көрермен көңілінен шықты. Президенттің айтуынша, қоғаммен диалог болу керек және халықтың пікірі қашанда маңызды. Сонымен қатар ол кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұратынына да тоқталды.

Президент: «Мен адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым. Осыған байланысты Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырдым» деді. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Ел бірлігі тек бір адамға байланысты емес, барлығымыздың жұдырықтай жұмылуымыз  маңызды.

Қазіргі уақытта ел Президенті айтқандай, заң үстемдік ететін әділетті қоғам қалыптастыру –  әрбір ел азаматының борышы.

Мақпал СЫЗДЫҚОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда  университетінің

«Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<