Шағын футболдан облыстық турнир өтті

803

0

«Евразия» спорт кешенінде Исматуллаев Бердіхан Лесханұлын еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Турнир дәстүрлі түрде биыл 4-ші мәрте өткізілді. Ондағы мақсат халыққа қалтқысыз қызмет еткен азаматтың есімін ардақтау болып табылады.

Турниге 7 команда, 80-ге жуық спортшы қатысты.
Ашылу салтанатында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және Бердіхан Лесханұлының анасы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Қазалы құрама командасы», ІІ орынды «Достар құрама командасы» І орынды «Отбасы банк» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер және үздік ойын көрсеткен номинация иегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен медальдар, кубоктар, статуеткалар және қаржылай сыйақылар табысталды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<