Қазалыда спорт кешендерінің саны артады

1223

0

Бүгінгі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды салауатты өмір салтына баулу – ең өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес.

Бұл бағытта Қазалы ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Қ.Пірімов ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің екі аралығынан, Ү.Түктібаев, Бекарыстан би ауылдарынан спорт кешенін салу үшін тиісті жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру үшін ұсынылды.

Одан бөлек аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағының ішінен спорт кешенін салу үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңа спорт кешені салынатын орынды белгілеп, тиісті сала басшыларымен бірге атқарылуы тиіс жұмыстарды талқылады.

Сондай-ақ, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа тез арада құжаттарын дайындап, қаржыландыруға ұсынуды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<