Арал ауданында АН-2 ұшағы қону кезінде отқа оранған.
Бұл жөнінде хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.10-де түскен.
Арал қаласына 10 шақырым қалғанда қонуға бет алған ұшақтан өрт шықты. Аталған ұшақ TJA5217 санитарлық бағыты бойынша жұмыс істеген.
–Ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 1 дәрігер болған. Экипаж «Санавиация» мекемесінің тапсырмасы бойынша шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп мәлімдеген болатын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанып кеткен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<