Съезд делегаттары сайланды

680

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңес мүшелері жиынға онлайн және оффлайн форматта қатысты.

Президент, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын жаңғырту бағытында үлкен міндеттер жүктеді. Осыған орай партия Төрағасы 1 наурызда кезектен тыс XXII съезд шақыру туралы шешім қабылдады және онда партия жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары айқындалмақ.

Жиында осы саяси шараға облыс атынан қатысатын делегаттарды сайлау туралы мәселе қаралды. Филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова алдағы съезге облыстан делегаттарды сайлау өткен ХХІ съездегі секілді партия жарғысына сәйкес бастауыш партия ұйымдары жиналыстары мен аумақтық, облыстық филиалдар конференцияларында емес, Саяси кеңес отырысында сайланатынын атап өтті.

Кеңес отырысында арнайы бөлінген квотаға сәйкес, партияның 1 наурызда өтетін кезектен тыс XXII съезіне Сыр өңірінен 18 азамат делегат болып сайланды. Съезд онлайн форматта өтеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<