Тұрғындардың өтініштері қаралды

680

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауда 15 азаматтың өтініштері қаралды.

Тұрғындар мәселелерін зерделеу үшін жиынға жауапты басқарма басшылары, Қызылорда қаласы мен бірқатар аудан әкімдері қатысты.

Азаматтардың сауалдары негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты. 11 сұрақ тұрғын үй кезегіне және әлеуметтік көмек қарастыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау мен мәдениет саласында үйірмелер ашу мәселелерін қамтыды.

Аймақ басшысы тұрғын үй кезек тізімі бойынша берілетінін және биылғы жылы 1000-нан астам баспананы табыстау жоспарда тұрғанын жеткізді. Басқа көтерілген сұрақтар бойынша  жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында шұғыл жұмыс жасау қажет екенін айтты.

Айта кету керек, облыс әкімі әр айдың соңында кезекке сәйкес азаматтарға жеке қабылдау өткізіп келеді. Өткен жылы 135 тұрғын қабылдауда болса, биылғы жылдың екі айында 40-қа жуық азаматтың сұрақтарына жауап берілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<