Белсенді әйел азаматшалар марапатталды

888

0

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ардагер аналар мен ауданның дамуынның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді әйелдерді қабылдады.

Салтанатты шарада аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар нәзік жандыларға алғыс хат табыстады.

– Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Нəзік жандылар бүгінде қол қусырып қарап отырмай, ел экономикасының барлық саласында білім мен ғылымда, денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік қызмет пен кəсіпкерлік саласында табысты еңбек етуде.

Біздің ауданымыз есімі елге танылған аяулы жандардан кем емес. Олардың қатарында батыр анамыз Күләнда Әбдіраманова мен Балдырған Мұстафаеваның есімі ұрпақтар есінде мәңгі сақталып, жаңғырады.

Бүгінде ардақты аналардың өнегеге толы өмір жолын жалғаған ауданда 66 Батыр Ана бар. Ал түрлі салада еңбек етіп, оның ішінде мемлекеттік қызметте өзінің кәсіби маман екендігін дәлелдеп жүрген азаматшалардың 41 пайызы әйелдерді құрайды.

Құрметті арулар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және дамуы бағытындағы жүзеге асырып жатқан іргелі істеріңізбен тың серпілістеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді аудан басшысы өз құттықтауында. Мерекелік қабылдауда аудан өнерпаздары әсем ән айтып, әйел-аруларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<