Қадағалаусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

506

0

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылғы 14-16 наурыз аралығында өткізіліп жатқан «Қадағалаусыз жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. «Қадағалаусыз жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, олардың түңгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз анықтау, сондай-ақ балалардың жарақат алу, жазатайым оқиғалар, жолаушылар поездарының әйнек сындыру фактілерінің алдын алу болып табылады.  

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен осы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні Қызылорда облысы Төретам кентінде және Арал ауданы Сексеуіл кентінде кәмелетке толмағандар заңды өкілсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына байланысты ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігінде көрсетілген әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, Қызылорда қаласында 1 кәмелетке толмаған кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тоғытылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<