«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында

764

0

       Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2022 жылдың наурыз айының 14-20 күндері аралығында қала көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобы хабарлады.

       Іс-шараның негізгі мақсаты – көшелермен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, болдырмау болып табылалы.

       Іс-шараға сәйкес, Қызылорда қалалық полиция басқарамасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері 2022 жылы наурыз айының 15 күні «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университеті «құқықтану» мамандығында оқитын студенттеріне  «отбасы-тұрмыс саласындағы зорлық-зомбылықтардың» алдын алу мақсатында баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған тақырып бойынша белсеніп атсалысқан студенттерге алдағы жұмыс тәжрибелерінде құқық қорғау саласында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда заң шеңберінде шешім қабылдауға шақырып, басқарма басшысының қолымен алғыс хаттармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<