Дүрлігуге негіз жоқ

762

0

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті қант бағасына мониторинг жүргізу барысында бағаның өсуі анықталды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта департамент қантты көтерме саудада өткізу нарығына талдау жүргізуде және көтерме жеткізушілер атына үстемдік үлесін анықтау үшін сұрау салулар жіберілді. Осы талдаудың қорытындысы бойынша департамент қант бағасының алыпсатарлық өсуін жүргізген нарық субъектілеріне қатысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайды және дүрлігуге жол бермеуге шақырады.

Департамент бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттердің, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдаланудың нәтижесінде бағаны алыпсатарлық ұстап тұру заңсыз алынған пайда тәркілене отырып, табыстың 3-5%-і мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

облыс бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<