Жемқорлықсыз қоғамға қадам

713

0

Облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен «Сұңқар» ӘҚО» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен биылғы жылдың 15 наурыз күні Жалағаш, Сырдария аудандарының әкімшіліктері мен колледждерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»   «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыптарында кездесулер,  семинарлар өткізілді.

Семинарды «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов жүргізді.

Семинар барысында тұрғындар арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсіндірілді.

Шараларға бөлім басшылары мен кент, ауылдық округтердің мамандары және колледж оқытушылары мен бітіруші түлектер қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<