Qosyl жастар орталығының директоры қызметінен кетті

744

0

Ол туралы Сабыржан Кеңшілік өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Рахмет саған Қызылордам! Бүгіннен бастап, босадым. Артылған сенім мен қолдауға алғыс! Атқарылған жұмыс аз емес деп ойлаймын. Алдағы жұмыс пен жоспар да молынан болатынына сенімдімін.Қызылорда кәсіби маман болып қалыптасуыма зор үлес қосты. Білім саласы мен жастар саясатында 9 жыл жұмыс жасаппын. Енді өз қабілетім мен потенциалымды елордамызда көрсетуге барынша тырысамын. Осы уақытқа дейінгі еңбек жолымда, тұлға болып қалыптасуыма қолдау көрсеткен барша әріптестеріме алғыс білдіремін. Жастар саласы мен білім саласынан алыстамаймын. Енді екеуін ұштастыратын боламын. «JasLab» Корпоративтік университеті» ЖШС-нің директоры ретінде республикамыздың жас қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс жасаймын. Барлық өңірдегі жастар саясатындағы әріптестеріммен осы саланың дамуына бірлесе жұмыс жасаймыз деп сенемін. Мүмкін, болашақта туған жерге қайта қызмет ету бұйырады. Оған дейін барынша тәжірибе мен білімімімді арттырамын» деді ол.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<