Баға бақылауда

852

0

Тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған қоғамдық бақылаудағы мәселенің бірі – азық-түлік тауарларының бағаларын салыстыру. Осы мақсатта қоғамдық бақылау өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының«ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып  қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Қоғамдық бақылауға облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Айткул Шалғынбаева, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы облыстық арнайы мониторинг тобы мүшесі, облыстық азаматтық альянс қауымдастығының мүшесі  Майра Боранбаева, Сауданы дамыту бөлімінің маманы Досбол Сайлаубай және“Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының үйлестірушісі Перизат Абдіғапбар қатысты.

Бақылау барысынды 2022 жылғы азық-түлік бағасы жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, 2 есе көтерілген. Базардағы бағаларды нақтылау мақсатында азық-түлік бағаларын салыстырып көрдік. Сұлтан  базарында  ішіндегі азық-түліктің бағалары ойнап тұрғанын байқадық. Мәселен, базардың үстінгі қабатында картоп, сәбіз –260, орамжапырақ – 500, пияз – 250 болса, әлеуметтік дүкендерде төменгі бөлігінде картоп, сәбіз – 130, орамжапырақ – 300, пияз – 65 теңгеден сатылуда. Нан 75-150 теңге аралығында болса, жұмыртқа бағасы – 35-45 теңгені құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<