Ұлағатты ұстаздың рухына арналды

1054

0

Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында ұлағатты ұстаз, Орынбек Қосжанұлын еске алуға арналған білім қызметкерлері арасындағы баскетболдан турнир өтті.

Орынбек Қосжанұлы — ғұмыры қысқа болғанымен, артында өнегелі із қалдырып, адамдықпен адал еңбек етіп, жанұясына мәуелі бәйтерек болған парасатты жан еді. Болмысы бөлек, жайдары мінезімен жан-жағына шапағатын төгіп жүретін.

Ол 1962 жылы ақпан айының 27 ші жұлдызында Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Еңбек Қызылту орденді Шіркейлі кеңшарында дүниеге келген. Туған жеріндегі №129 «Қызылту» орта мектебіне үздік бітірген. Мектеп қабырғасында спортпен шұғылданып, аудандық, облыстық жарыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға қол жеткізген.

Қызылорда қаласындағы ауылшаруашылық техникумына механик-техник мамандығы бойынша 1-курсына қабылданған Орынбек Қосжанұлы, 1981-1983 жылдары Чехославакия жерінде отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып аман-есен елге оралған еді.

Туған жеріне сағынышпен оралған Орынбек Қосжанұлы еңбек жолын 1984 жылы инженер жабдықтау мамандығы бойынша бастап, 1988-1993 жылдар аралығында Өндірістен қол үзбей Алматы ауылшарушылық институтының сырттай бөліміне түсіп инженер-педагог мамандығы бойынша жоғары оқуын тамамдады. 1993-1995 жылдары №1 өндірістік бригадасына механик-техник болып, 1995-1998 жылдары осы кеңшардың бас инженері болып тағайындалып, 1998-2007 жылдар аралығында аудан әкімінің шешімімен Шіркейлі аудандық округінің әкімі болып тағайындалды.

2008 жылы № 129 Ә. Жәмішев атындағы орта мектепте директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары және технология пәнінің оқытушысы болды. Орынбек Қосжанұлы қай салада еңбек етседе абыроймен, үлкен жауапкершілікті мойнымен көтере білді. Ауылымыздың көркеюіне, экономикалық дамуына өз үлесін қоса білді. Елге деген еңбегі еленіп аудан, облыс әкімдерінің алғыс хатымен, Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Тереңөзек ауданына 90 жыл мерекелік медалімен марапатталған.

Саналы ғұмырын, еңбекпен ағайын-туыстың бірлігімен, жанұясының берекесіне арнаған азаматты туған жері сағынышпен еске алды. Турнирдің бас төрешісі – Сайора Омарқұлова, төрешілер Бауыржан Бакировпен Зулхарнаев Аслан болды.

Нәтижемінде жүлделі 1 орынды №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей командасы, 2 орын №42 мектеп-лицей командасы, ал 3 орын №37 мектеп-лицей командасы жеңіп алды. Жүлделі орындарды бауыры Абдіразақ Ермашов, жұбайы Гулсім Қосжанова, досы, сыныптасы Пірназаров Асанхан марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<