Балалар жылына орай «Сен білесің бе?» телевизиялық жобасы қолға алынды

626

0


Балалар жылына орай елімізде «Сен білесің бе?» телевизиялық жобасы қолға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жобада екі бала елімізге танымал, білім, ғылым, әлеумет, саясат, медицина және тағы басқа салаларда жемісті еңбек етіп жүрген тұлғалармен сұхбаттасып, жұмыс орнымен танысады. Жақын арада көріңіздер!», – деп жазады ҚР Президентінің Телерадиокешені.

Телевизиялық жоба шығарылымдарының бірінде жүргізуші балақайлар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровпен жүздесіп, сұхбат құрған.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<