Нұрлыбек Нәлібаев – Қызылорда облысының әкімі

1218

0

Президент ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев тағайындалды.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 1997 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сол жерде 2005 жылға дейін, әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарған. 2008-2013 жылдары Шиелі ауданының әкімі болып қызмет  атқарған. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.

2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

Н.М. Нәлібаевты тағайындау туралы

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 7 сәуір

№ 860

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<