Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот психологының анықтамасы

527

0

Сот психологы – бұл сот төрелігін жүзеге асыраудағы белгілі бір міндеттерді орындайтын, құқықтық жүйенің барлық тұжырымдамаларына, нормаларына және динамикасына үлкен доминатор болып табылатын маман. Сот жүйесі- бұл тәсілдер мен процедуралар ерекше маңызды болатын ресми жүйе. Осыдан келіп, сот психологы өз ісінің маманы болумен қатар, осы ережелерді біліп, оған толықтай бейімделуі керек. Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот процестеріне психолог ретінде қатыса отырып, ұсыным беру кезінде тәуелсіз маман болып табылады және тек психодиагностикалық зерттеулер нәтижелерінде, кәсіби тәжірибесі мен психология саласындағы білімін басшылыққа алады.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот психологы өз қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алады:

– Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары;

– балалар құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі;

– Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексі;

– осы лауазымдық қызмет нұсқаулығы.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот психологы кәмелетке толмағандардың дамуын, тәрбиесін, білімін, әлеметтенуін және денсаулығын қамтамасыз ететін барлық орган өкілдерімен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтастықты іске асырады.Балалардың заңды өкілдерімен (ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар) тығыз байланыста жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандармен заңды өкілдерінің (ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар) келісімінсіз кез келген жұмыс түрін жүргізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар сот психологы келесі міндеттерді жүзеге асырады:

– Кәсіби қызметке арналған оңтайлы әлеуметтік-писхологиялық жағдай жасауға бағытталған психологиялық қолдауды жүзеге асырау, судьялардың сұратуы бойынша қылмысты, азаматтық, әкімшілік процестерге қатысу;

– Кәмелетке толмағандарды сот отырысына дайындау, жеке психологяилық ерекшеліктерін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізу;

– Психодиагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша  қорытынды дайындау;

– Іс бойынша төрағалық етуші судьяның сұратуы бойынша сот процессіне қатысушының жай-күйіне және мінез-құлқына шынайы баға беру үшін тұлғалық портретін жасау;

– Күйзеліс, шиеленіс, күшті әсершіл қасірет күйіндегі кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету;

Қорытындылай келе, сот психологы балалардың қатысуымен істерді қарау бойынша сот жұмысын құқықтық насихаттай отырып, әрбір тараптың сынақтағы балаға негативты қарым-қатынасын анықтаумен қатар,  баланың психоэмоционалды жағдайын және оның екі жақпен өзіңе ыңғайлы деңгейін ашуға көмектеседі.

Ж.Әбдраманова,

Қызылорда облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының психолог-инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<