Ел бірлігі — маңызға ие

376

0

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Мәні ерекше мереке болып табылады. Аталған ұлы мереке қарсаңында, Көліктегі ПД Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мейрамын мерекелеуге байланысты ағымдағы жылғы 22 сәуірде бөлімнің жеке құрамымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің» ақпараттық топ жетекшісі, Қызылорда облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Уәйс Ержан Убайдаұлы және шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Пашаева Лайла Алиевнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеттері туралы сөз сөйледі. Атап айтқанда, ұлттың, мемлекеттің, қоғам мен отбасының біртұтастығын көздейтін дәстүрлерді, рухани-адамгершілік құндылықтар мен дүниетанымдық ұстанымдарды сақтауға, нығайтуға және қызметкерлерді патриоттық рухта, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, қоғамдағы бірлік пен келісімге қолдаушы болуға тәрбиелеу мақсатында әңгіме жүргізілді.

Қызылорда ст. ЖПб

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<