Саланы дамыту мәселесі талқыланды

578

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Кристалл Менеджмент» АҚ бас директоры Дәулет Сайзинұлымен кездесті. Басқосуда аймақтың энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс басшысы «Ақшабұлақ» кенішіндегі газтурбиналық электр станциясы жобасының аймақ үшін тиімділігін сөз етіп, электр энергиясына деген тәуелділікті біршама азайтуға мүмкіндік беретінін алға тартты. Сонымен қатар компанияның әлеуметтік мәселелері бойынша ұсыныстар сөз болды.

Өз кезегінде Дәулет Сайзинұлы аймақ үшін маңызды жобаларды сапалы әрі мерзімінде атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, «Ақшабұлақ» кенішінде іске асырылып жатқан газтурбиналық электр станциясы экологиялық жоба болып есептеледі. Былтыр құны 6,1 млрд теңгені құрайтын 652 млн кВт/сағ электр қуаты, биыл жыл басынан бері 1,8 млрд теңгені құрайтын 192,8 млн. кВт/сағ энергия өндірілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<