«Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі – 2022» байқауы өтті

2001

0

28 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі – 2022» кәсіби байқауы өткізілді.

Байқау ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры, белгілі ұстаз, қолөнерші Борис Қалназаровты және көркем еңбек пәні мұғалімі, «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен, ұлағатты ұстаз Сәтбек Байниязовты еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл дәстүрге айналған байқауда ұлағатты ұстаздардың өнегелі өмір жолдары мен шәкірттеріне берген тәлім-тәрбиесі, білім саласының дамуына қосқан еселі еңбектері туралы естеліктер айтылды.

Байқауға облыс мектептерінде көркем еңбек пәні бойынша жұмыс істейтін, байқаудың бірінші кезеңінің (аудандық/қалалық байқау) жеңімпазы болған 10 пән мұғалімі қатысты.

Шара барысында қатысушылар ҚМЖ, бейнесабақтар, қолөнер жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер институт директорының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздарға Борис Қалназаровтың қызы Әлия Борисқызының арнайы жүлдесі табысталды.

Оразбай Орманов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<