Асылбек Шәменов – Қызылорда қаласының әкімі

1392

0

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихатының келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Шәменов Асылбек Өмірбекұлы тағайындалды.

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

Әр жылдары жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын ең төменгі сатыдан бастап, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық саласына жетекшілік ететін орынбасары, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметіне дейін саты-сатысымен, меритократия қағидатымен көтеріле білді.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<