Оқушылар марафоны

904

0

«Балалар жылына» орай қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті.

Марафонда 300-ге жуық оқушы бақ сынады. Қатысушылардың басым бөлігі 4 шақырым қашықтықта жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысымен жүлделі бірінші орынды қыздар арасында №198 мектеп оқушысы Ксения Широбокова, ал ұлдар арасында №23 мектеп оқушысы Вадим Огай жеңіп алды.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл, «Қызылорда облысының ҮЕҰ Альянсы Ассоциациясы» қауымдастығының төрайымы Анар Ізден және облыстық Азаматтық альянсының мүшесі Қайраддин Баймаханов қатысты.

Жеңімпаздар дипломмен, кубок жəне спорт дүкенінің сертификатымен марапатталды. Шара барысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекова жас ұрпаққа патриоттық тəрбие беру жолында белсенді еңбек еткен бірқатар қоғамдық ұйым өкілдеріне облыс əкімінің орынбасары Қ.Нұртайдың Алғыс хатын табыс етті.

«Балалар жылы» Азаматтық альянс ассоциациясы ұйымдастыратын ауқымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<