Қаңтар оқиғасы: Полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды

1063

0

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бағытта жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде полиция және прокуратура қызметкерлері үш тұрғынды ұстады.

«Аталған азаматтар 5 қаңтар күні адамдар тобымен Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған. Олар қамаққа алынып, қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<