Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

964

0

Елімізде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын тағы себептердің бірі – терезеден құлау оқиғасы.

Балалар табиғи қызығушылығына орай ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-5 жас аралығындағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы тәптіштеп түсіндірмеуі мүмкін. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған сәтте балаңызға қауіп төнуі мүмкін.

2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан  жиһаздардың үстіне ойнауына рұқсат бермеңіз.

3. Терезедегі москитті торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, олар қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москитті торларды қауіпсіз деп ойлайды. Терезеге сүйенгенде сол торларға асылып тұрады. Көп жағдайда  балалар осы тормен бірге құлап кетеді.

4. Мүмкіндік болса, терезені төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.

5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмауы үшін, терезелеріңізге арнайы бекіткіштер орнатыңыз!

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескерсеңіз, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.

Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<