Салауатты өмірді серік ет

451

0

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спорттық шара өткізді Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық наркологиялық диспансердің пациенттері арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды.Дойбы және армрестлинг жарыстарына диспансердің 1,2,3,4 және 6 бөлімшелерінің пациенттері қатысты. Барлық бөлімшелердің өкілдері өздерін лайықты көрсете білді және жеңімпаз атанды.Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.Жарысқа қатысушылар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<