Биыл «Алтын допты» кім алады?

1030

0

«Реал» жартылай қорғаушысы Эден Азардың айтуынша, маусым қорытындысы бойынша «Алтын допты» Карим Бензема алады. Бұл туралы бельгиялық ойыншы Marca басылымына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Қазіргі таңда Бенземаға тең келер ешкім жоқ. Де Брейне, Куртуа, Мане мен Винисиус осы маусымда тамаша ойнап шықты. Алайда «Алтын доп» пайызға шаққанда 99 пайыз Бенземаға тиесілі. Менің ойымша, ол сол жүлдені алуы керек. Карим «Алтын допты» алуға әбден лайық болды», – деді Азар.

Еске салайық, Бензема 2021/2022 жылғы Чемпиондар Лигасының маусымында 12 матчта 15 рет гол салды. Сонымен қатар, екі рет нәтижелі пас берді. Салыстырмалы түрде «Бавария» форварды Роберт Левандовски 12 гол соқса «Аякс» шабуылшысы Себастьян Аллер 11 рет ерекшеленді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<