Штаб жұмысы қорытындыланды

594

0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Л.Төрешованың төрағалығымен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында құрылған штабтың қорытынды отырысы өтті.

Онда атқарушы хатшы атқарылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы қорытынды мәлімет беріп, штаб мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Атап өту керек, үгіт-насихат кампаниясы аясында өңірде республикалық, облыстық штаб мүшелерімен шалғай елді мекендер, түрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдарында 900-ге жуық кездесу өткізіліп, оған 110 мыңнан астам азамат қатысты. Жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ескерту жасалды

Облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Сайлауалды бағдарлама аясында құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған Қызылорда қаласының «Бәйтерек» шағын ауданындағы 600 орындық мектептің бүгінгі жай-күйіне мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы сметалық құны 1261153,0 мың теңге. Бүгінгі күнге білім ордасы құрылысының 60%-і аяқталған. Мониторинг барысында  комиссия мүшелері жұмыс өте баяу жүргізілуіне байланысты  межеленген уақытынан кешігу қаупі бар екенін айтып, мердігер мекеме басшысына ескерту жасады.

Жасотандықтар түсіндірме жүргізді

Партияның облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ белсенділері облыстық полиция департаменті есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, профилактикалық-рейдттік іс-шаралар өткізді.

Рейд аясында кәсіпкерлерге азаматтардың психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын суреттері мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынатыны жөнінде түсіндірме жүргізді.

Кестеге сай қабылдау

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратов, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Н.Ибраев қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға 15-ке жуық азамат келіп, материалдық, әлеуметтік  және заңнамалық тұрғыда өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

Апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 41 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.

Дайындаған Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<