Жәрдемақыларды рәсімдеудегі тиімділік

414

0

Қазіргі кезде мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу «e-gov» электронды үкімет порталы, банктік қосымшалар немесе ұялы байланыс операторлары арқылы SMS- хабарламалар бойынша өтінім беру тәсілі жақсы жолға қойылған.

Бала тууға байланысты бір жолғы және бір жасқа дейінгі бала күтімі, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға, асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға, жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемге өтінім бере алады.

Қағаз түріндегі құжаттар түрін азайту мақсатында Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы төлемге қажетті құжат мәліметтері электронды ақпарат жүйесінен алынады. Осы орайда аудан тұрғындарына Халыққа қызмет көрсету орталығына барып кезекке тұрмай-ақ, тиімді жеңілдетілген жәрдемақы рәсімдеу түрін пайдалануға болады.

Ербол НҰРМАШЕВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» МК

КеАҚ әлеуметтік қызмет көрсету бойынша

Қызылорда қалалық бөлімінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<