Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда

528

0

Биыл облысымызда энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша 17,3 млрд теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен өткен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі мәжілісте айтылды. 

Жиында М.Жайымбетов жұмысты жеделдету керектігін қаперге салды. 

– Алғашқы жарты жылдың көрсеткіштері қанағаттанарлық. Дегенмен, бөлінген қаржыны жылдың аяғына дейін ысырып тастап, қарап отыруға болмайды. Құрылыс жұмыстарына қолайлы кезеңді пайдаланып, құрылысшылардың жұмысын қадағалау керек. Қаржы бар, тек жұмысты жеделдетіп, нысандарды уақытылы ел игілігіне беруге жұмыс жасайық. Бұл мәселенің барлығы да аймақ басшысының жеке бақылауында, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, мәжілісте Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен Арал ауданындағы Ақбасты, Тоқабай және Абай елді мекендерін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосу жобасының жүзеге асырылу барысы да айтылды.

Жиын соңында аталған жобаларға қаралған қаржыны тиімді игеріп, белгіленген мерзімде іске қосу тапсырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<