Жинақтаушы зейнетақы: ертеңгі күнге сенімділік

287

0

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының жұмысы таңғы тоғыздан басталады.  Сол уақыттан бастап жергілікті тұрғындар мамандардан өздеріне қажетті қызмет түрлерін ала алады. Аталған мекемеге барған сәтімізде қарбалас тіршілік тынысын аңғару қиынға соқпады. Халыққа қызмет көрсету барысында ешқандай іркіліс жоқ. Бұл – зейнетақы қоры мамандарының күнделікті қағидасы. Осылайша өзіміз де бір күндік жұмыс ырғағына араласып кеттік…

Қызмет аясы сан алуан

«Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қоры» 2013 жылдың 22 тамызында  құрылды. Оған Қа­зақстан Республикасының Үкі­меті, Қазақстан Республикасы Қар­жы министрлігінің «Мем­ле­кеттік мүлік және жекеше­лендіру комитеті» ММ арқылы құрыл­тайшы және акционер ретінде са­налады. Зейнетақы активтерін сенімгер­лікпен басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Бан­кіне жүктелген.

Қызылорда облыстық филиа­лының жұмысымен танысу мақ­сатында аталған мекемеге арнайы барып қайттық. Бізді филиал ди­ректоры Арнұр Құрманғали қар­сы алып, мекеменің тыныс-тір­шілігі жөнінде әңгімелеп берді.

– 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін бас­қару тиімділігін арттыру бойын­ша ұсыныстар жасау қызметі Мем­лекет басшысы жетекшілік ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Тиісті заңнамаға сәйкес Қор міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік зейнетақы, ерік­ті зейнетақы жарнасын тарту, зей­нетақы төлемін, зейнетақы жи­нағы мен төлемін жеке есепке алуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, салымшыға (алушыға) зейнет­ақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді.

Зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыстың үлесі жыл сайын өсіп келеді. 2014 жылдан бері Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс (БЖЗҚ-да барлық зейнетақы ак­тивтерін біріктіру үрдісінің аяқ­талуы) 5,9 трлн теңгеге жетті. Жалпы Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан бергі инвестициялық табыс – 6,8 трлн теңге. Ал биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша салымшылардың зей­нетақы жинақтарының сомасы 12,8 триллион теңгеге жетті. Оның зейнетақы жарналары мен ин­вестициялық табысты қамти­тыны белгілі, – дейді филиал директоры.

Атқарылған осындай іс-шара­лардың нәтижесінде халық­тың зейнетақы қорына деген се­німділігі артты. Қазіргі күні оның қызметіне жүгінетін тұрғындар саны көбейді. Бұл – сала ма­мандарының жылдар бойғы жү­йелі жұмысының жемісі. Сон­дықтан мамандар әрбір істі тың­ғылықты орындауға бар күш-жі­герлерін  салуда.

Облыстық филиалда барлығы 50 адам қызмет атқарады. Ал 13 маман аудандарда еңбек етеді.

– Қазіргі кезде облысымызда 800 мыңнан астам адам тұрады. Соның 410 мыңы біздің Қорға салымшы ретінде тіркелген. Жұрт­шылыққа операциялық, барып қызмет көрсету, әкімшілік және бақылау секілді 4 бөлім қызмет көрсетеді. Тұрғындар фи­лиалға күнделікті жұмыс уақы­тында  келе алады. Оларға қа­жетті ке­ңестер, зейнетақы жар­насы жө­ніндегі барлық мәлі­меттер бері­леді, – дейді филиал дирек­торы­ның орынбасары Алмас Сәрсембаев.   

Қор салымшылар мен алушы­лардың қажеттіліктерін ескере отырып, түрлі қызметтерді да­мы­тудың негізгі бағыттарын 2022-2026 жылдарға арналған кор­пора­тивтік даму стратегиясында атап көрсеткен.

Корпоративтік стратегияда айқындалған зейнетақы қызмет­терін дамыту мен сапасын арт­тырудың түйінді бағытының бірі – тікелей, электрондық және қа­шықтан қызмет көрсету фор­матын дамыту арқылы салым­шыларды зейнетақы қызмет­те­рімен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Бұл ретте Қор өткен жылдар барысында БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасы, e-gov порталы, әлеуметтік желілер, Төрағаның блогы, т.б. арқылы түскен өтініштерді орын­дауға элект­рондық форматта көрсе­тілетін зейнетақы қызмет­терінің ауқы­мын кеңейтті. Қазір БЖЗҚ қыз­меттерінің 93% астамы ың­ғайлы әрі жедел электрондық форматта ұсынылады. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметін пайдалана алады. Мысалы, БЖЗҚ сайтында және мобильдік қосымшасында салымшылардың кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді-кө­шірме алып, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар ен­гізуіне мүкіндіктері бар. Сон­дай-ақ, ерікті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлем алу туралы өтініштің мәр­тебесін де қадағалай алады.

«Жылжымалы кеңсе» алыс ауылдарға барады

Филиал мамандары халықтың зейнетақымен қамсыздандыру бағытындағы қаржылық-құқық­тық сауаттылығын арттыру мақ­сатында барлық іс-шараларды қолға алуда. Мәселен,  үш жыл бұрын елімізде бастау алған «Жылжымалы кеңсе» жобасы аясында филиалдың барып қызмет көрсету бөлімі салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетуге қажетті барлық құралдармен жаб­дықталған,  жерсеріктік байланыс­ты бар шағын автобуспен шалғай елді мекендерді аралап, ондағы тұрғындарға Қордың барлық қыз­метін ұсынады. Бұл жөнінде аталған бөлімнің бас маманы Жанар Жәрімбетова әң­гімелеп берді.

– Біз таяуда Аралдан Жаңа­қорған ауданына дейінгі аралық­тағы ауыл тұрғындарымен жүз­десіп қайттық. Аймақта шалғайда жатқан елді мекендер саны аз емес. Олардың кейбірінде ин­тернеттің қолжетімділігі өз дең­гейінде емес екенін білеміз. Сон­дықтан мамандарымыз барған сәтте тұрғындар тарапынан көп­теген сауалдар қойылады. Әрбір қойылған сауалды жіті назарда ұстаймыз. Оған жан-жақты жауап беруге назар аударамыз. Сапар барысында Арал ауданындағы Жаңақұрылыс, Қаратерең, Арал­құм елді мекендерінде халыққа қызмет көрсетілді. Онда бізге зейнетақы жарналары, әйелдердің зейнет жасын төмендету секілді сан алуан тақырып қамтылып, пікірлер айтылды. Барып қызмет көрсету бөлімінің мамандарына қойылған сауалдарына тұшымды жауап алған тұрғындар кездесу соңында ризашылықтарын біл­діріп жатты, – дейді Жанар Жә­рімбетова.

Осындай жүздесулер облыс­тың барлық аудандарында жал­ғасуда. Жалпы  зейнетақы капиталын қалыптастыру мақсатында Қорға жарналарды уақытылы, әрі тұрақты аудару қажеттігі туралы халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді филиал мамандары биыл барлығы 78 елді мекенде  атқаруды жос­парлап отыр. Нәтижесінде атал­ған қызметпен 4 мыңнан астам адамды қамту көзделуде.

Сондай-ақ, мамандар кеңсе­де, кеңседен тыс жерлерде, ауыл мен қалалық жерлерде де қыз­мет көрсетеді. Бұл ретте Қор қыз­метін қажет ететін са­лым­­шылар өздерінің жұмыс орнына бөлім қызметкерлерін шақыра алады. Аталған мекемеге бар­­­ғаннан кейін зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, са­лым­шының дерек­темесіне өз­гертулер мен толықтырулар ен­гізу, хабар­ландыру тәсілі туралы келісімге отыру, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарнасы бойынша төлемақы алуға өтініш беру және басқа да қызмет түрлері жөніндегі сауалдарға жа­уап беріледі. Мұндай шаралар  Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қоры мен тұрғындар ара­сындағы байланысты одан әрі нығайтып, жұмыс тиімділігін арт­тыруға оң септігін тигізеді. Еңбек ұжымдарында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында сан алуан қызмет барысы қамтылады. Олардың қа­тарында соңғы жылдары зейнет­ақы заңнамасына енгізілген өз­ге­рістер, зейнетке шығу кезінде қа­жетті құжаттарды жинау, Қор сайтынан зейнетақы шотынан үзінді көшірмені құпиясөз немесе электронды цифлық қолтаңба арқылы алу жолдары бар. Арасында өз мәліметтеріне өзгерістер енгізу жөнінде өтініш білдіретін азаматтар да кездеседі.

– Айта кететін жайт, бөлім ма­­мандары бірінші және екінші топ мүгедектеріне  барып қызмет көрсетеді. Осы мақсатта салымшылар бізге электронды түрде немесе байланыс орталығы арқылы өтініштерін береді. Өтініш бе­руші өзі туралы мәлімет пен те­лефон номерін қалдырса жетіп жатыр. Әрбір өтініш қараусыз қалмайды. Аталған тұрғынмен алдын ала хабарласып, кездесу уақытын белгілеп, «Мобильді агент» жібереміз. Аталған қыз­метті атқаратын маманның қо­лында ноутбук, ғаламторға қо­­сыл­ған 4G-модем, принтер қон­дыр­ғысы болады. Осылайша әр­бір салымшыға Қордың барлық қыз­метін көрсетуге қолайлы жағ­­дай жасалған, – дейді Жанар Жәрім­бетова бізбен қоштасып жатып…

Әрбір тұрғынға сапалы қызмет

Филиалдағы операциялық бө­лім қызметін тұтынатын тұрғын­дардың да қарасы аз емес екен. Айтқандай, кейбір азаматтардың таңертеңгі уақыт болса да филиал ғимаратына келіп, өз сауалына мамандардан жан-жақты жауап алғанды қолайлы көретіндерінің куәсі болдық. Солардың бірі – қала тұрғыны Азамат Мыңжа­саров операциялық бөлім мамандарынан қажетті кеңесті сапалы алғанын айтады.

– Мен он жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап ке­лемін. Өзім еңбек ететін меке­ме тарапынан зейнетақы жарнасы тұрақты аударылып отырады.  Бү­гін зейнетақы қорындағы деректерге өзгерту енгізу мақсатында арнайы келген едім. Мамандар жоғары деңгейде қызмет атқарды. Олардың атқарған жұмысына ри­зашылығымды білдіремін, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Аталған бөлім басшысы Болатбек Жұматаевтың айтуынша, мамандардың біліктілік деңгейіне тиісті деңгейде мән беріліп отырады. Осы мақсатта оларға заң­намадағы жаңа өзгерістер барысы тұрақты түрде түсіндіріледі. Нәтижесінде халыққа қызмет көрсету деңгейі қашан да жоғары.

– Әрбір салымшы Қор қыз­меттерін пайдалану барысында өзіне қолайлы, ыңғайлы жағдайды сезінуі тиіс. Кейде олардың та­ра­пынан түсінбеушілік те ұшы­расуы мүмкін. Ондай сәтте ма­мандар мәселенің оңтайлы ше­шілуіне көңіл бөлулері тиіс. Айта кетерлігі, әрбір адамның зей­нетке шығар алдында тиісті құ­жат­тардың толық болуына назар аударғандары маңызды. Бұл жөнінде зейнетақы төлеу жө­ніндегі мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету орталықтары ма­мандарының қызметіне жүгін­гендері абзал. Алдымен азаматтар еңбек кітапшасының дұрыс толтырылуына назар аударула­ры керек. Зейнетке шығу бары­сында мамандар тарапынан ең­бек кітапшасындағы мөрдің дұ­рыс басылуы, еңбек өтіліне қа­тысты сауалдар туындауы мүм­кін. Мұндай жағдай болмауы үшін барлығы да алдын ала рет­телуі қажет, – дейді Болатбек Жұматаев.

Шынында да кейбір азаматтар өздерінің еңбек жолындағы кейбір түйткілдерге мән бермей жатады. Соның салдары­нан қай мекемеде жұмыс істе­гені туралы мәліметтер нақты­лы бол­ма­ғандықтан еңбек өтілін қай­тадан дұрыстап жазу қажет­тілігі туындайды. Ал ол қосымша уақытты қажет етеді. Алдымен жұмыс жа­саған ұйымға, егер ол жабылып қалған болса, мұрағатқа сұраныс жіберіледі. Бұған алты айдан астам уақыт кетуі, кейде ол бір жылға дейін созылуы ықтимал. Сол себепті азаматтардың зейнетке шығар алдында тиянақтылық танытып, құжаттарын алдын ала реттеп қойғандары дұрыс.

Жаңашыл жобаларға жол ашық

БЖЗҚ-ның электрондық қыз­меті мен қашықтан қызмет көр­сету жүйесін дамыту мақса­тында еліміздің бірқатар министр­лік­тері, «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейдегі банктер және өзге де мемлекеттік органдардың деректер базасы мен ақпараттық жүйелері біріктірілді. Осылайша жасына байланысты төлем алуға өтінішті алдын ала тексеру, ЭЦҚ тексеру және жеке басын сәйкестендіру; ақпараттандыру, қызмет көрсету үшін бір реттік құпиясөзді жіберу, жасына байланысты төлем алуға тіркел­ген өтініштерді қабылдауға мүм­кін­дік жасалды. Бұған қоса бел­гіленген мүгедектік бойынша де­ректерді тексеру, азаматтардың жеке деректерін, куәландырушы құжаттар мәртебесін, өмірлік мәр­тебесін тексеру, зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттермен өзара іс-қимыл үрдісін саралау және құру, туыстық бай­ланыс бойынша деректерді тек­серу секілді жұмыстар да жүр­гізілді.

– Деректер базасын бірік­тіру­дің арқасында БЖЗҚ қызмет­терінің 20% астамы өтінішсіз қыз­мет көрсету форматында көр­се­тіледі. Мысалы, бұған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жар­наларын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зей­нет­ақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Еске салсақ, жеке тұл­ғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаса, ол алғашқы жарна ке­ліп түскенде БЖЗҚ ақпараттық жүйе­сінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық фор­матында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асы­рылады. Қолданыстағы құ­жат­тың деректемелері мен салым­шының тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті  БЖЗҚ жоғарыда айтылғандай, мемле­кеттік органдардың ақпараттық жү­йелерінен алады, – дейді об­лыс­тық филиал директоры Арнұр Құрманғали.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың басында ҚР «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» Заңы қа­былданды. Оған сәйкес аза­мат­тарға зейнетақы жинақта­ры­ның бір бөлігін тұрғын үй жағ­дайын жақсарту және (немесе) тегін ме­дициналық көмектің ке­пілдік бе­рілген көлемі мен мін­детті әлеу­меттік медициналық сақ­тан­­дыруға кірмейтін емде­луге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке бас­қарушы компанияларға инвес­ти­циялық басқаруға беру үшін пай­далануға құқық берілді.

Уақыт тығыздығы мен салымшылар арасында үлкен сұра­нысқа ие болғанына қарамастан БЖЗҚ өзінің барлық қызметін үздіксіз, әрі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мемлекеттік ор­­­гандар, уәкілетті оператор, кас­­тодиан банктер, инвести­ция­лық басқарушылар және са­лым­шылармен өзара іс-әрекеттің тех­никалық, ұйымдасты­рушы­лық, ақ­параттық мәселелері жол­ға қо­йылды. БЖЗҚ сайты мен мо­бильді қосымшасындағы «же­ке кабинетте» жеке зейнетақы шо­тының жай-күйі туралы ақпарат жинақтардың жалпы сомасын ғана емес,  жеткіліктілік шегі, қол­­жетімді сома, сондай-ақ, жеке табыс салығын бір рет және ке­йінге қалдырып бөліп төлеуді ескерген біржолғы төлем сомасы туралы мәліметтерді де қамтыды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу және әрбір салымшыға қолжетімді сапалы зейнетақы қызметін көрсетуді негізгі мақсат пен міндет ретінде ұстанатынын да атап өткен жөн.

«Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қоры» АҚ Қызылорда об­лыстық филиалының бір күн­гі тыныс-тіршілігімен танысу ба­рысында, атқарылған қыз­мет­­тер­дің қай-қайсысының да үлкен жауап­кершілікпен жасалып жат­қанына көз жеткізіп қайттық. Оны қызмет алушы азаматтардың Қор мамандарына деген ризашылық пейілінен де айқын аңғаруға болады.

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<