Президент Шолпан-атаға барды

444

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барды.

Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.

Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті. Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<