Президент тапсырмасын іске асыру жолдары талқыланды

486

0

Бүгін аудан әкімдігінде дербес бөлім және мекеме-кәсіпорын басшылары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімдерінің қатысуымен актив отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді орындау мәселелері талқыланды.

– Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметте кеңейтілген отырыстың өткенін білесіздер. Сол мәжілісте Президент барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырма берді. Ендігі біздің міндет – берілген тапсырмаларды дер кезінде, сапалы орындау, – деген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында негізгі басымдық берген инфляцияны тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту, ақша-несие және фискалдық саясатты жетілдіру, экономиканың нақты секторын қолдау мәселелерін атап өтті.

Мәжіліс барысында мемлекеттік органдар мен дербес бөлім басшыларына қала, кент әкімдерімен бірлесіп, баға тұрақтылығын сақтау, көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді, құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатындағы профилактикалық шараларды тұрақты ұйымдастыруды және өз салалары бойынша инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің тұрғындармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы қатаң сақтау керектігін айтты.

Жиын соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өзінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына, кент, қала әкімдеріне, құзырлы органдарға әрбір салаға қатысты Президент жүктеген нақты тапсырмалардың дер кезінде, сапалы орындалуын тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<