Әдептілік

2212

0

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп, қайтара сәлемдеседі. Сонда қасындағы бай тұрып:

  ̶ Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, бейшара кедей біреуге соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің жөні қалай? – деп сұрайды. Сонда ғалым тұрып:

̶  Ешбір ғылым-білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен оған әдепсіз болып көрінсем лайық па? – деген екен.

Ыбырай АЛТЫНСАРИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<