Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ақын, журналист Бекбергенованы қабылдады.
Өнегелі өмірінің отыз жылдан көбін мерзімді басылымда, оның ішінде облыстық «Сыр бойы» («Ленин жолы») газетінде өткерген ол – бүгінде 90 жаста. Бірнеше шығармалар жинағының авторы.
Кездесуде қала әкімі оған өзінің қолдауымен жарыққа шыққан ақынның «Өлеңім – менің тұңғышым» атты кітабын табыстады.
– Таңдамалы туындылар топтастырылған еңбекті кітапханаларға қойып, оқырманның танысуына мүмкіндік жасаймыз, – деді Н.Нәлібаев.
Р.Бекбергенова шығармашылығына қолдау көрсеткені үшін шаһар басшысына алғыс білдірді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<