Білімнің жаққан шырағын

4

0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күнін  ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығымен бірге атап өтті.  «Ертегімен есейем» жобасы аясында «Білімнің жаққан шырағын» атты қалалық көркемсөз және сахналық қойылым байқауын ұйымдастырды.

Негізгі мақсаты – оқушы­лардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Сайысты Қызылорда қалалық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің бас­шысы Айдын Қайруллаев ашты. Оған қала аумағынан бес мектептің 5-сы­нып оқу­шылары қатысып, бақ сынады. Байқауға оқушылар сақадай сай, жоғары дайындықпен келген. Олар «Ғиб­ратты әң­гімелер» атты бірінші кезеңде Ы.Алтын­сариннің әңгімелерінен сахналық көрініс көрсетті. Екінші кезеңде ағарту­шының жырларын жатқа мәнерлеп оқыды.

Аталған жарысқа «Қоғам ТВ» теле­арнасының шеф редакторы Баян Құл­танова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың әдіскері Венера Жұбаниязова, қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мекемесінің көркемдік жетекшісі Ұлық­бек Бекұзақұлы төрелік етіп, шын жүй­ріктерді анықтады. Әділқазылар оқу­шы­лардың мәнерлеп оқуына, сөйлеу мәне­ріне, актерлік шеберлігіне, таңдап алын­ған шығарманың мазмұнына ерекше мән берді.

Екі кезеңнің нәтижесі бойынша бас жүлдені Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңіп алды.  І дәрежелі дипломды С.Лапин атындағы №261 орта мектебі, ІІ дәрежелі дипломды Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-ли­цейі иеленді. ІІІ дәрежелі диплом Б.Ер­мек­баев атындағы №271 орта мектебі мен Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мекте­біне бұйырды.

Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясымен Жанайым Ерболат, «Жас талант» номинациясымен Балнұр Құр­манғазы, «Ең белсенді қатысушы» номи­на­циясымен Мағжан Іскендір марапат­талды. Ұйымдастырушылардың еңбегі ай­қын көрініп, шара мазмұны балалардың жас ерекшелігіне сай, тартымды әрі тәр­биелік мәнге толы болды.

Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақты кітап оқу­ға баулуда маңызды рөл атқаратыны сөз­сіз.

«СБ» ақпарат