Күйеуі күніге әйелінен: «Көлікті асықпай айда, сенсіз өмір – мәнсіз!»- деген хабарлама алатын…
***
Аурухана терезесіне қарап жатқан әйел, кенет әйнектің ар жағынан: «Тез сауығып, үйге келші…! Ашпыз!»- деген жазуды оқып, жазылып кетті….
***
«Балам, қарсылдатып жейтін тәтті алмадан ала келші!» – деді қария, тісі жоқ екенін ұмытып…
***
Өртенген үйдің астынан, шала жанған қуыршақ қана шықты…!
***
Тойымсыз ара, ақыры ыстық тосапқа күйіп өлді…!
Гүлмекен ҚАСЕНБАЙ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<