
Жастардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-жетілуіне ерекше мән беріп, шәкірттер тәрбиелеген. Артында құнды еңбектері мен тәрбиелік маңызы зор, әлі күнге дейін маңызын жоймаған қанатты сөздері ел есінде.
* Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
* Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.
* Жалынған – бас қорғау емес, жағаласқан – бас қорғау.
* Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
* Жақсыда жаттық жоқ.
* Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
* Адам баласының жаман құлқы – жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
* Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса – ел болғаның қайсы?
* Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
* Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлділ.
* Не – аңсағанда аларсың, не – қақсағанда аларсың.
* Қонтайдың қалжыңы: «Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмеске болмас».
* Арқада жыл жақсы болса – арқар ауып несі бар?!
* Еккенің тікен болса – орғаның балауса болмас.
* Жаза баспас қадам жоқ – жаңылмайтын адам жоқ.
* Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.
* Дос таппаған ер азар – басшы бақпаған ел азар.
* Күй атасы – Қорқыт.
* Күйгенімнен – сүйгенім көп.
* Құтырғаннан – құтылған.
* Талай жан бар – аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.
* Шын көңілден айтылған тілекке – шындықпен жауап беру парыз.
* Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.
Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<