Арқа жақтан оңтүстікке келе жатқан бір топ жолаушы екінді уакытында бір ауылға жақындап, құдқтан су алып жатқан жас келінге:
– Мынау қай ауыл, біздер алыстан келе жатқан жолаушы едік, «екіндіде ел тастама» деген қонып, ат шалдырып, тынығып жүрейік деп едік, – дейді.
– Бұл ауыл батыр адамнын ауылы, – деп жауап қайтарады.
– Батыр атаңыз кім болады? Біз жөн біліп барайық, айтыңызшы….
Келін атасының атын атай алмайтынын айтып, әдеп сақтайды. Алайда жолаушылар: «Бұл жерде ешкім жоқ қой, атаңыздың атын айта беріңіз», – деп қоймайды.
Сонда иінағашқа ілінген шелек толы суды иығына іліп жатып, келін атасын жолаушыларға былай таныстырыпты:
– Сұрайсыздар қоймай,
Атамның аты дарлай.
Өзге адамда жоқтай,
Тек атамда бардай !
Сөйтсе бұл ауыл «Айман – Шолпан» қиссасынан барша қазаққа белгілі Көтібар батырдың ауылы екен.
Жинақтаған:
Бақытжан Түменбай
Тарих пәні мұғалімі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<