Мен өмірді қалаймын,
Шуағы мол таңы үшін.
Жаратқанның қалауы,
Ата-анамның бары үшін.
Мен өмірді қалаймын,
Ырғалған шұбар жолы үшін
Жүдеткен кейде жанымды,
Сүреңдеп атқан оғы үшін.
Мен өмірді қалаймын,
Тереңге тартқан ойы үшін.
Сағынтып кейде шаттықты,
Сүрінтіп жасар тойы үшін.
Мен өмірді қалаймын,
Ертеңім үшін,бұл үшін.
Сарқылтып барып күш берген
Жігері үшін ,ары үшін.
Мен өмірді қалаймын,
Есейткен бала бейнемді,
Өмірді сынға балаймын,
Кернеген ыстық кеудемді.
Мен өмірді қалаймын,
Тегістер жұмыр істерді.
Залымнан зауал қалса да,
Теңестірген күндерді.
Мен өмірді қаладым,
Ұсынған тағдыр қолы үшін
Естінің жолын ұстанып,
Бабамның салған жолы үшін.
Ақерке Серікбаева,
№37 мектеп-лицейінің сынып оқушысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<