Келді, міне, осы жылдың көктемі,
Қыстың қуып үскірігін от-демі.
Күн келеді әні ширақ оянып,
Жер-Ананы құшаққа алып өпкелі.
Келді көктем аққу, қаздан ән күтер,
Сезімді оят, арудағы сәнді көр.
Жан-жануар құрсақтарын босатып,
Табиғатқа бір тамаша жан бітер,
Таранады қыс құрсаған тал-мүсін,
Бұлақтайды емірене қарлы шың.
Ал,менің де арналады дәл бүгін,
Жаратқанға сан жетпейтін алғысым!
О. Базаралы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<